ҰЙЫМ СТАНДАРТЫ

  «СУДЖУХ» ГРЕК ЖАҢҒАҒЫ»  және  «СОЧНЫЙ ЧИР»

ШЫҒЫС ТӘТТІЛЕРІ

 

1 Қолданылу саласы 

Осы ұйым стандарты   сатуға арналған және тікелей тағамға пайдалануға арналған «СУДЖУХ» грек жаңғағы» және «СОЧНЫЙ ЧИР» шығыс тәттілеріне  (бұдан әрі мәтін бойынша – өнім) таралады.

Стандарт сәйкестікті растау   мақсаттары үшін жарамды.

Өнімнің қауіпсіздігіне қойылатын міндетті талаптар 5.2.3, 5.2.4 тармақтарында берілген.

Өнімге тапсырыс беру кезіндегі шартты белгілеу үлгісі: Апельсин қосылған  «СУДЖУХ» грек жаңғағы» ЖК СТ 301211357160 - 001 - 2011

Осы ұйым стандартын ЖК Костанян Г.В. рұқсатымен ғана таратуға рұқсат етіледі. 

2 Нормативтік сілтемелер 

Осы Стандартты қолдану үшін мынадай сілтеме нормативтік құжаттар қажет:

ҚР СТ 1010-2002 Тамақ өнімдері. Тұтынушыға арналған ақпарат.Жалпы талаптар.

ҚР СТ 1081-2002 Тамақ өнімдерінің технологиялық нұсқаулығы және рецептураларын әзірлеу тәртібі. Негізгі ережелер.

ҚР СТ ГОСТ Р 51301-2005 Тамақ өнімдер және өндірістік шикізат. Уытты элементтердің (кадмий, қорғасын, жез және мырыш) мөлшерін анықтаудың инверсионды-волтамперометриялық әдісі.

ҚР СТ ГОСТ Р 51574-2003 Тағамдық ас тұзы. Техникалық шарттар.

ГОСТ 908-2004 Тағамдық моногидрат лимон қышқылы. Техникалық шарттар. 

ГОСТ 2874-82 Ауыз су.   Гигиеналық талаптар және сапасын бақылау.

ГОСТ 5897-90 Кондитерлік өнімдер. Түйсіктік көрсеткіштер сапасын, өлшемдерін, таза салмағын және  құрам бөліктерін анықтау әдістері.

ГОСТ 5900-73 Кондитерлік өнімдер. Ылғалдылықты және құрғақ заттарды анықтау әдістері.

ГОСТ 5901-87 Кондитерлік өнімдер. Күлдің салмақтық үлесі және металлмагнитті  араласпаларын анықтау әдістері.

ГОСТ 5903-89 Кондитерлік өнімдер. Қантты анықтау әдістері. 

ГОСТ 5904-82 Кондитерлік өнімдер. Қабылдау ережелері, іріктеу және сынамаларды дайындау әдістері.

ГОСТ 10444.12-94 Тамақ өнімдер. Ашытқыларды және зеңді саңырауқұлақтарды  анықтау әдістері.

ГОСТ 10444.15-94 Тамақ өнімдері. Мезофильді аэробты және факультативті-анаэробты микроағзалар мөлшерін анықтау әдістері. 

ГОСТ 13512-91 Кондитер өнімдеріне арналып бүрмеленген картоннан жасалған жәшіктер. Техникалық шарттар.

ГОСТ 14192-96 Жүктерді таңбалау.

ГОСТ 16337-77 Жоғары қысымды полиэтилен. Техникалық шарттар.

ГОСТ 16599-71 Ванилин. Техникалық шарттар.

ГОСТ  16833-71 Грек жаңғағының дәні.  Техникалық шарттар

ГОСТ 26574-85 Наубайханалық бидай ұны. Техникалық шарттар.           

ГОСТ 26668-85 Тағамдық және дәмдік өнімдер. Микробиологиялық талдауларға арналған сынамаларды іріктеу әдістері.

 ГОСТ 26669-85 Тағамдық және дәмдік өнімдер. Микробиологиялық талдауларға арналған сынамаларды дайындау әдістері.

ГОСТ 26927-86  Шикізат және тамақ өнімдері. Сынапты анықтау әдістері.  

ГОСТ 26929-94 Шикізат және тамақ өнімдері. Сынамаларды дайындау. Уытты элементтер құрамын анықтау үшін минералдау. 

ГОСТ 26930-86  Шикізат және тамақ өнімдері. Күшәнді анықтау әдістері.

ГОСТ 26932-86 Шикізат және тамақ өнімдері. Қорғасынды анықтау әдістері.

ГОСТ 26933-86 Шикізат және тамақ өнімдері. Кадмиді анықтау әдістері.

ГОСТ 27543-87 Кондитерлік өнімдер. Аппаратура, материалдар, реактивтерді және микробиологиялық талдауларға арналған қоректік орталар.

ГОСТ 30711-2001 Тамақ өнімдері. В1 және М1 афлоуыттарды табу және мөлшерін анықтау әдістері.

ЕСКЕРТПЕ Осы Ұйым стандартын пайдалану кезінде ағымдағы жылдағы жай-күйі бойынша сілтемелік стандарттардың және жіктеуіштердің қолданысын «Стандарттау жөніндегі нормативтік құжатар» жыл сайын басылып шығарылатын ақпараттық сілтемеге және осы жылы басылып шыққан ай сайын шығатын ақпартаттық көрсеткішке сәйкес тексерген жөн. Егер сілтемелік құжат ауыстырылса (өзгертілсе), онда осы стандартты пайдалану кезінде ауыстырылған (өзгертілген) стандартты басшылыққа алу керек. Егер сілтемелік құжат ауыстырусыз жойылса, оған сілтеме берілген ереже осы сілтемені қозғамайтын бөлікте қолданылады. 

3 Анықтамалар 

Осы стандартта терминдер және анықтамалар [1] сәйкес, сонымен қатар мынадай сәйкесті терминдер анықтамалары қолданылады:  

  - «СУДЖУХ» грек жаңғағы» шығыс тәттілері: жемістерді қайта  өңдеуден алынған, нақты атауларына ұн, қант, жеміс езбесі, тағамдық хош иістендіргіштер және бояғыштар қосып  пісірілген жеміс  массасымен үстінен құймаланып грек жаңғағы дәні тәрізді болып жасалған өнім;

- «СОЧНЫЙ ЧИР» шығыс тәттілері: жемістерді қайта өңдеуден алынған, жемістерді тұтас немесе үлестеп кесіп қант шәрбатында  қайнатып және одан соң  кептірген өнім.    

4 Өнім түрлері 




5 Техникалық талаптар 

5.1  Өнім [1], осы стандарт, ҚР СТ 1081 талаптарына сәйкес  технологиялық нұсқаулар мен рецептуралар бойынша, белгіленген тәртіпте бекітілген санитарлық ережелерді сақтай отырып дайындалуға тиіс. 

5.2 Сипаттамалары

5.2.3 Өнім құрамындағы уытты элементтер, микоуыттар және пецицидтер [3] белгіленген рұқсат етілетін  деңгейлерден аспауға тиіс.

5.2.4 Өнім  микробиологиялық көрсеткіштері бойынша   [3] белгіленген талаптарға сәйкес келуге тиіс. 

5.3 Шикізатқа қойылатын талаптар

5.3.1 Өнімді дайындау үшін келесі шикізаттарды қолданады:

- ГОСТ 31361 бойынша құмшекер;

- қолданыстағы нормативтік құжаттама бойынша жеміс және жеміс езбесі;

- ГОСТ 2874 бойынша;

- ГОСТ 908 лимон қышқылы;

- ГОСТ 16833 грек жаңғағының дәні; 

- ГОСТ  26574 бойынша 1 сұрыпты ұн;

- қолданыстағы нормативтік құжаттама бойынша грек жаңғақтарын тізбектеп өткізуге арналған отандық және шетел өндірісі жіптері;

- ГОСТ 16599 бойынша ванилин;

- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қадағалау органының қолдануға рұқсат еткен хош иісті, тағамдық эссенциялары;

- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қадағалау органының  қолдануға рұқсат еткен хош иістендіргіштері;

- Қазақстан Республикасының Мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қадағалау органының  қолдануға рұқсат еткен  тағамдық бояғыштары;

5.3.2 Өнімді дайындауға арналған шикізат қолданыстағы нормативтік құжаттама талаптарына және [3] сәйкес келуге  және Қазақстан Республикасының мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарымен қолдануға рұқсат етілген болуы керек. 

6 Таңбалау 

6.1  Әрбір көліктік ыдыстың таңбалауы  Қазақстан Республикасының Мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қадағалау органының  қолдануға рұқсат еткен тамақ өнімдерімен қатыста болатын  [1], [2] және ҚР СТ 1010 талаптарына сәйкес мынадай ақпараттық деректер жазылып  бояулары шайылып кетпейтін бояумен баспаланып, баспахана тәсілімен мемлекеттік және орыс тілдерінде затбелгілерге жазылған болуға тиіс:

- дайындаушының атауы және орналасқан жері (заңды мекенжайы, елін қоса алып);

- өнімнің атауы;

- өндірушінің тауарлық белгісі (бар болса);

- таза салмағы, г;

- өндірілген күні немесе дейін жарамды;

- сақтау мерзімі;

- өнімнің құрамы туралы ақпарат;

100 г өнімнің тағамдық және қуаттылық құндылығы туралы ақпараттық мәліметтер;

- сақтау шарттары;

- осы стандарттың белгіленуі;

- сәйкестікті растау (сертификаттау) туралы ақпарат;

- штрих сызықшалары (оны белгілеуге қажетті аймақтар үшін);

 6.2  Әрбір орамдық топтың және көліктік ыдыстың мынадай ақараттық деректері бар заттаңбасы немесе эатбелгілік құлақшасы болуға тиіс: 

- дайындаушы –кәсіпорынның атауы және оның мекенжайы;

- өндірушінің тауарлық белгісі (бар болса);

- өнімнің атауы;

- өндірілген күні немесе дейін жарамды;

- сақтау мерзімі;

- сақтау шарттары;

- жалпы салмағы;

- осы стандарттың белгіленуі;

- сәйкестікті растау (сертификаттау) туралы ақпарат;

 Өнімді Қазақстан Республикасының шегінен тысқары шығарған кезде тұтынушылық және көліктік орамдарға «Қазақстанда жасалған» деген жазу жазылған болуы керек.

6.3 Көліктік таңбалауға ГОСТ 14192 бойынша  мынадай айла-шарғылық белгілер жазылған болуға тиіс: «Морт. Байқаңыз»; «Ылғалдан сақтаңыз». 

7 Буып-түю 

7.1 Өнімді буып-түю [2] талаптарына сәйкес келуге тиіс.  

-   «СУДЖУХ» грек жаңғағы»  ГОСТ 16337 бойынша таза салмағы 150 бастап 300 г дейін вакуумді полиэтилен қалталарға қымтауланып буып-түйілуге тиіс;

- «СОЧНЫЙ ЧИР» шығыс тәттілері ГОСТ 16337 бойынша таза салмағы 250 бастап 3000 г дейін вакуумді полиэтилен қалталарға, полистиролдан жасалған шанақтарға және ПВХ  жасалған үлдірге (Қазақстан Республикасының мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау органдарымен қолдануға рұқсат етілген) буып-түйілуге тиіс;

7.2  Өнімнің буып-түйілген бірлігінің таза салмағы пайызбен алынған мынадай ауытқулардан артық емес болып рұқсат етіледі:

200 г дейін қоса санағандағы салмақ үшін минус 3,0;

200 г артық 500 г  дейін қоса санағандағы салмақ үшін минус 2,0;

500 г артық 1000 г дейін қоса санағандағы салмақ үшін минус 1,0

-1000 г дейін қоса санағандағы салмақ үшін минус 0,5.

Таза салмағының жоғары шегі шектелмейді.

7.3 Өнім салынған қалталар таза салмағы 15 кг артық емес болып ГОСТ 13512 бойынша  бүрмеленген картон жәшіктерге  буып-түйіледі.                                                                                                                                                                                             

8 Қабылдау ережелері 

8.1 Қабылдау ережелері ГОСТ 5904 бойынша.

8.2 Өнімнің түйсіктік көрсеткіштері, пестицидтері, микоуыттары және микробиологиялық көрсеткіштері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қадағалау органдарымен белгіленген тәртіпке сәйкес және өнімнің  қауіпсіздігін міндетті түрде кепілдендіретін тәртіпке сәйкес бақыланады.   

8.3 Өнімнің сәйкестігіне растау жүргізу кезіндегі 5.2.3, 5.2.4 –т.т. қаралған көрсеткіштер міндетті болып саналады. 

9 Бақылау әдістері 

9.1 Сынамаларды іріктеу және дайындау ГОСТ 5904 бойынша. Уытты элементерді анықтау үшін сынамаларды дайындау ГОСТ 26929 бойынша.

9.2 Түйсіктік көрсеткіштерін және таза салмағын анықтау ГОСТ 5897 бойынша.

9.3 Ылғалдың салмақтық үлесін анықтау ГОСТ 5900 бойынша.

9.4  Күлдің салмақтық үлесін анықтау ГОСТ 5901 бойынша.

9.5 Алмасқыш затардың салмақтық үлесін анықтау ГОСТ 5903 бойынша.

9.6 Уытты элементтерді анықтау ГОСТ 26927, ГОСТ 26930, ГОСТ 26932, ГОСТ 26933 немесе ҚР СТ ГОСТ Р 51301 бойынша.

9.7 В1 афлауыттарын анықтау ГОСТ 30711 бойынша.

9.8 Микробиологиялық көрсеткіштерін анықтау.

9.8.1 Микробиологиялық көрсеткіштерін анықтау үшін сынамаларды іріктеу және дайындау – ГОСТ 26669, ГОСТ 26668 бойынша.

9.8.2 Аппаратура, материалдар, реактивтер және қоректендіргіш орталар ГОСТ 27543 бойынша.

9.8.3 Микроағзаларды анықтауды ГОСТ 10444.12, ГОСТ 10444.15,  ГОСТ Р 50474 бойынша жүргізеді.

9.8.4 Патогенді микроағзаларға талдауды Қазақстан Республикасының Мемлекеттік санитарлық эпидемиологиялық қадағалау органдары бекіткен әдістемелер бойынша жүргізеді.

9.9 Таңбалау және буып-түю көзбен шолып бақыланады. 

10 Тасымалдау  және сақтау 

10.1 Өнімді барлық көлік түрлерімен, жабық көлік құралдарында осы көлік түрінде қолданылатын жүктерді тасымалдау ережелеріне сәйкес тасымалдайды.

10.2 Өнім жақсылап желеденетін, құрғақ, таза, жабық, бөгде иістері жоқ, нан қорлары зиянкестерімен зақымданбаған қоймаларда, (18±3)ºС температурада және   75 % аспайтын салыстырмалы ылғалдықта сақталуы керек және тура күн сәулесі әсеріне ұшырамауға тиіс. 

 Өнімді ерекше иістері бар өнімдермен бірге сақтауға рұқсат етілмейді.

10.3 Өнімнің сақтау және тасымалдау шарттары көрсетілген жағдайларын ескеріп дайындаған күнінен бастап сақтау мерзімі: 

 -«СУДЖУХ» грек жаңғағы»- 6 ай

-«СОЧНЫЙ ЧИР» - 12 ай. 

11 Дайындаушы кепілдіктері 

11.1 Дайындаушы тасымалдау және сақтау шарттарын сақтаған кезде  өнім осы  стандарттың талаптарына сәйкес келетініне кепілдік береді.

11.2 Кепілді сақтау мерзімі 10.3 –т сәйкес 

Библиография

 

[1] Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 6 маусымдағы № 541 қаулысымен бекітілген «Жемістер, көкөністер, түйнекжемістілер мен оларды қайта өңдеу өнімдерінің қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламенті.

[2] Қазақстан Республикасы Үкіметінің 21.03.2008 жылғы № 277 қаулысымен бекітілген «Буып-түюге, таңбалауға, затбелгі жапсыруға және оларды дұрыс түсіруге қойылатын талаптар» техникалық регламенті. 

[1]  Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2011 жылғы 6 тамыздағы № 611 бұйрығымен бекітілген «Тамақ өнімдеріне қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар» санитарлық ережесі